Автокөлік бір жылда 3% қымбаттады
30 Мамыр 2023
11
Автокөлік бір жылда 3% қымбаттады
11,7 мың үй шаруашылығы қатысқан ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамаға сәйкес, 2022 жылдың аяғында респонденттердің 33,7%-да жеңіл автокөлік, 1,6%-да жүк көлігі, 1,1%-да мотоцикл, 0,8%-да скутер немесе мопед, 13,7%-да велосипед, 0,4%-да жегін көлік құралы бар.
Қалалық жерлерде респонденттердің 30,8%-да жеңіл автокөлік, 0,7%-да жүк көлігі, 0,2%-да мотоцикл, 0,5%-да скутер немесе мопед, 8,2%-да велосипед, 0,1%-да жегін көлік құралы бар. Бұл ретте, ауылдық жерлерде респонденттердің 39,5%-да жеңіл автокөлік, 3,4%-да жүк көлігі, 2,9%-да мотоцикл, 1,3%-да скутер немесе мопед, 24,9%-да велосипед, 1,2%-да жегін көлік құралы бар.
Қала халқы ауыл халқынан жеңіл автокөлікпен қамтылуда 8,7 п. т., жүк көліктерімен қамтылуда 2,7 п. т., мотоциклмен қамтылуда 2,7 п. т., скутер немесе мопедпен қамтылуда 0,8 п. т., велосипедпен қамтылуда 16,7 п. т., жегін көлік құралымен қамтылуда 1,1 п. т. төмен.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың аяғында үй шаруашылықтарының 33,7%-да жеңіл автокөлік, 2,1%-да жүк көлігі, 1,3%-да мотоцикл, 1%-да скутер немесе мопед, 13,6%-да велосипед, 0,7%-да жегін көлік құралы болды.
Өңірлер бойынша 2022 жылдың аяғында автокөлікпен қамтылудың ең жоғары деңгейі Ақмола облысында (үй шаруашылықтарының 40,7%-ы), ал ең төменгісі Шымкентте (23,9%-ы) байқалды.
Жүк көлігімен қамтылудан көш басында Алматы облысы (шаруашылықтардың 5,6%-ы), ең төменде Абай облысы (0,5%-ы) болды.
Мотоциклмен қамтылудан Ақмола облысы (4,1%) көш бастап тұрса, Маңғыстау облысы (0,2%) артта қалды.
Скутер мен мопедтен ең алда Ақмола облысы (2,2%), ең нашар — Абай, Қызылорда және Түркістан облыстарында (әрқайсысы 0,3%).
Қостанай облысының шаруашылықтары велосипедпен жақсы қамтамасыз етілген (30%), ең нашары — Шымкент қаласы (2,3%).
Жегін көлік құралымен қамтылудан Алматы және Жетісу облыстары (әрқайсысы 1,8%) көш бастап тұрса, ең артта Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан (0,1%).
Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда автокөлік бір жылда 2,7%, мотоцикл — 15,7%, велосипед бірден 20,4% қымбаттады.
Көлік бағасының ең көп өсуі Жетісу облысында тіркелді: бір жылда 6,6%. Одан кейінгі орында Астана мен Атырау облысы: тиісінше 5% және 4,8%.
Мотоцикл бағасы Жетісу (34,9%), Атырау (33,3%) және Алматы (27%) облыстарында ең қатты өсті.
Велосипед ең қатты қымбаттаған өңір Алматы: 38%. Одан кейін Батыс Қазақстан (34,6%) және Шығыс Қазақстан (33,4%) облыстары.
Танымал мақалалар
Барлығын көруТеміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 Желтоқсан 2023
517
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 Қаңтар 2024
256
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 Қаңтар 2024
227
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 Қаңтар 2024
226
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 Қаңтар 2024
185
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 Қаңтар 2024
174
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 Қаңтар 2024
166
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 Қаңтар 2024
154
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 Қаңтар 2024
147
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 Қаңтар 2024
146
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 Наурыз 2024
144
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 Желтоқсан 2023
141
Ақпан айының соңына қарай Қазақстан дамудың жаңа моделіне техникалық түрде көшеді
Әлихан Смайылов үкіметі «Ескі Қазақстанның» төтенше жағдайлар қызметі миссиясын орындады, Олжас Бектенов үкіметі «Жаңа Қазақстанның» даму циклін іске қоспақ. Бұрынғы Читать далее...
13 Ақпан 2024
141
Қазақстандық кәсіпорындар елді жиһазбен қалай қамтамасыз етіп отыр?
2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында елде 82,6 млрд теңгеге жиһаз өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 27,7% көп. Өнеркәсіп өндірісінің индексі Читать далее...
24 Қаңтар 2024
128
ШОБ даму қарқыны бойынша Талғар ауданы Алматы облысындағы үздіктердің біріне айналды
Ауданда 20,4 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысында 133,5 мың шағын және орта бизнес субъектілері Читать далее...
15 Қаңтар 2024
123